{metadescription}
Вице-министр тікұшақ апатының ықтимал себептерін атады

Вице-министр тікұшақ апатының ықтимал себептерін атады

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев Батыс Қазақстан облысы аумағындағы тікұшақ апатына не себеп болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Батыс Қазақстан облысында апатқа ұшыраған тікұшақ пайдалануда көп болмаған, яғни жаңа техника екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар оны жөндеу іс-шаралары да уақытылы өткізілген. Бұл оқиға бойынша деректер тексеріледі. Тиісті комиссия құрылды. Қазіргі кезде апатқа ауа райы жағдайы әсер етуі мүмкін деген себеп қаралып жатыр. Сондықтан комиссия жұмысы нәтижесінде нақты себебі анықталады», - деді М. Пішембаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде