{metadescription}
Ауа райына байланысты 2 өңірде тасжол ішінара жабылды

Ауа райына байланысты 2 өңірде тасжол ішінара жабылды

Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде тасжолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 наурыз күнгі сағат 10:20-дағы жағдай бойынша, республикалық маңызы 2 тасжолдың 10 учаскесінде жол қозғалысына уақытша тыйым салынды.

Ақмола облысының «Астана-Петропавл» күре жолының 18-231 шақырымдары (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейінгі жол учаскесі) және «Астана-Ерейментау-Шідерті» күре жолының 16-200 шақырымдарында (Астана қаласы - Павлодар облысының шекарасы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынған.

Павлодар облысында 8 жол учаскесі: «Қызылорда-Павлодар» күре жолының 1258-1367 шақырымдары, (Екібастұз қ. - Ленинскийк.), - «Астана-Ерейментау-Шідерті» күре жолының 200-254 шақырымдары (Ақмола облысының шекарасы - Шідерті к.), «Қызылорда-Павлодар» тасжолының 1206-1258 шақырымдары (Шідерті к.- Екібастұз қ.), «Қызылорда-Павлодар» күре жолының 1206-1135 шақырымдары (Шідерті к. - Қарағанды облысының шекарасы), «Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» тасжолының 0-152 шақырымдары (Павлодар қ.- РФ шекарасы), «Павлодар-Шарбақты-РФ шекарасы» күре жолының 0-112 шақырымдары (Павлодар қ.-РФ шекарасы), «Ленинский-Ақсу-Көктөбе-Үлкен Ақжар» тасжолының 0-40 шақырымдары (Ленинский к. - Еңбек а.), «Ленинский-Иртышск-Русская поляна» тасжолының 0-263 шақырымдарында (Ленинский к.-РФ шекарасы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде