{metadescription}
Алматы қаласының шет аумағынан оқ-дәрілер табылды
Алматы қаласының шет аумағынан пакетке оралған оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09:38 02.03.2023
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қаланың Наурызбай ауданының тұрғындары ашық жерде 9 мм патронның 171 данасы салынған пакет тапқан.
«Жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты патрондарды тат басқан. Пакеттердің бірнеше қабаты жыртылған. Оқ-дәрілер тәркіленіп, арнайы сараптамаға жіберілді. Осыдан соң олардың кімге тиесілі екендігі анықталады»,- деп хабарлады полицияда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!