Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елордада пәтерден ер адамның мәйіті табылды
Астанада тұрғын үй пәтерінен ер адамның мүрдесі табылды және пышақталған әйел ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
08:39 02.03.2023
«26 ақпан күні Астана қаласы Полиция департаментінің «102» арнасына пәтерден ер адамның денесі табылғаны және пышақ жарақатын алған әйелдің ауруханаға жеткізілгені туралы хабар келіп түсті», - делінген ресми хабарламада.
Полиция департаметінің ақпаратына сәйкес, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар қажетті сараптамалар тағайындалды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысты мәліметтер жария етілмейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram