{metadescription}
Алматыда үлескерлерді алдап келген компания пәтерлерін сатуға тыйым салынды

Алматыда үлескерлерді алдап келген компания пәтерлерін сатуға тыйым салынды

Алматы әкімі «Ush Qonyr» және «Весновка» тұрғын үй кешеніндегі даулы пәтерлерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы әкіміне «Ush-Qonyr» және «Весновка» жаңа тұрғын үй кешенінің үлескерлері алданып, пәтерсіз, ақшасыз қалғандарын айтып, шағымданды.

«Біз Development KB компаниясына алданып қалған үлескерлерміз. Компания пәтерлерді «Lider Group» деген компания арқылы сатты. Содан кейін олар өзара келісім-шартты бұзды. «Весновка» тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтап қалды, қазір не ақшамыз, не пәтеріміз жоқ. Мердігерлер пәтерлер оларға тіркелмегенін айтады.«Весновка» ТК бойынша қылмыстық іс кешіктіріліп жатыр. Ал компания пәтерлерді сатуды жалғастыруда.Осы жағдайды қарап шығуыңызды сұраймыз», – деді үлекерлердің бірі.

Өз кезегінде қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Development КВ «Ush Qonyr» тұрғын үй кешенін салған компания екенін атап өтті «Аталған компания Алмалы ауданында орналасқан «Весновка» тұрғын үй кешенінің құрылысын қолға алды. Дәл «Ush-Qonyr» сияқты олар пәтер сатумен айналысатын «Lider Group» компаниясымен келісім жасаған.Біз бұл фактіні анықтап, үлескерлермен кездесіп, полиция мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке арыз бердік», - деді Бақытжан Наурызбеков.

Алматы Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров «Ush Qonyr» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сатуға тыйым салғанын, ал «Весновка» тұрғын үй кешені пайдалануға берілмегенін мәлім етті.

«Қазіргі уақытта «Lider Group» компаниясының қызметі тоқтатылды, тергеу жүріп жатыр. Басшыға қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша түрдегі бұлтартпау шарасы таңдалды», - деп атап өтті Полиция департаментінің басшысы.

Қала тұрғындарының бірі салынған тыйымға қарамастан «Ush Qonyr» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сату әлі жалғасып жатқанын тілге тиек етті. Қала прокуроры Берік Жүйріктаев барлық іс бір өндіріске біріктірілгенін атап өтті. Компанияның директоры мен бас есепшісіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

«Тінту жүргізілді, барлық құжаттар тәркіленді, қазір сараптама дайындалып жатыр. 141 пәтерді сатуға тыйым салынды, қазірдің өзінде іс бойынша бізде 50 жәбірленуші бар», - деді прокурор.

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалалық прокуратураға істі бақылауға алуды тапсырды.

«Егер пәтерлерді сатумен айналысқан басшыға қатысты шектеу шаралары қолданылса алайда ол үлескерлердің айтуынша, сатуды жалғастырса, онда оның кәсіпкерлік қызметін шектеу керек. Егер ол жұмысын жалғастырса, заңда белгіленген тәртіппен ұсыныс енгізіңіз, сотқа жүгініңіз, оның еркіндік дәрежесін шектеңіз», - деді әкім прокурорға.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.