Павлодарда жылу құбыры жарылып, 11 үй жылусыз қалды
Бүгін Павлодар қаласының Қамзин мен Малайсары батыр көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылды, асфальт астынан су бұрқағы атылды.
Фото: freepik
17:48 02.03.2023
"Павлодарэнерго" АҚ баспасөз қызметі жылумен қамту желісі жарылғанын нақтылады.
"Ақауды жою үшін 11 жеке тұрғын үй, 3 әлеуметтік нысан және 2 денсаулық сақтау нысанында жылу беру уақытша тоқтатылды", – деп хабарлады компания өкілдері.
Кешкі сағат 17.00-ге дейін ақау салдары жойылып, жылу беріледі деп болжанып отыр.
Дереккөз: Zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!