{metadescription}
Алматыдағы өнер колледжінің студенттері эвакуацияланды

Алматыдағы өнер колледжінің студенттері эвакуацияланды

Алматыда Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жанындағы колледжіне бір аптада үшінші рет жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәлім еткендей, қаланың жедел және төтенше жағдайлар қызметтері алғашқы ден қою шаралары аясында білім мекемесіне тексеру жүргізді. Оқушылар мен ұстаздар эвакуацияланды.

«Белгілі болғандай, колледж ғимаратын тексеру кезінде жарылыс құрылғылары табылған жоқ. Білім мекемесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - дейді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазір полиция білім мекемесіне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан адамды анықтап жатыр. Ол қылмыстық жауапқа тартылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде