{metadescription}
Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматы көз жұмды
Ақтөбе облысында жол апатынан Тәжікстан азаматы көз жұмды, деп хабарлайды polisia.kz.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
10:23 04.03.2023
Жол-көлік оқиғасы 3 наурызында Ырғыз ауданының Қалыбай ауылының маңында Самара-Шымкент автожолында болған.
Жолда Volvo маркалы автокөлік пен DAF жүк көлігі соқтығысқан. DAF автокөлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы, оқиға орнында көз жұмды.
Сотқа дейінгі тергеу басталды және жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!