{metadescription}
Жаңа Зеландияда 6,9 баллдық жер сілкінісі болды
Жаңа Зеландия құрамына кіретін Кермадек архипелагі ауданында сенбі күні магнитудасы 6,9 балдық зілзала тіркелді.
16:34 04.03.2023
Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмика орталығы мәлімдеді.
Олардың дерегі бойынша, жерасты дүмпуінің эпицентрі 8 мың тұрғыны бар Керайкри қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 928 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 150 шақырым.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ. Цунами қаупі жарияланған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!