{metadescription}
Ақтөбеде боранды күні 100-ден астам адам эвакуацияланды

Ақтөбеде боранды күні 100-ден астам адам эвакуацияланды

Ақтөбеде Самара - Шымкент тасжолы жабылып, жолда қалған көліктегі адамдар эвакуацияланды.

Өткен тәулікте ауа райы күрт бұзылып, Самара - Шымкент тасжолының бірнеше бөлігі жабылды. Құтқарушылар жедел әрекет етіп, қар құрсауынан 9 адам құтқарылды. Тағы 106 адам эвакуацияланды.

«Барлығы 7 елді мекенде 15 жеңіл көлік, 366 жүк көлігі, 7 жолаушылар автобусы тоқтатылды. 112 құтқару қызметінен 106 жолаушысы бар 2 автобус жүргізушісі көмек сұрады. Құтқарушылар Өзбекстан азаматтарын Әйтеке би ауылының мешітіне орналастырды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, Мұғалжар ауданы орталығынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан ауылда 24 жастағы жүкті келіншекке көмек қажет болды. Құтқарушылар әйелді Қандыағаш қаласының ауруханасына аман-есен жеткізді. Ақтөбе облысының ТЖД жолға шығар кезде хабарламаларды ескеруді сұрайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде