{metadescription}
Ақтөбе облысында жол апатына түскен тағы бір оқушы көз жұмды

Ақтөбе облысында жол апатына түскен тағы бір оқушы көз жұмды

Шалқар-Бозой трассасында болған көлік апаты салдарынан ауруханаға түскен оқушы қыз көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апаты 4 наурыз күні сағат 20:55-те Шалқар-Бозой тасжолында болған еді. Toyota Land Cruiser автокөлігін тізгіндеген кәмелетке толмаған бала рульге ие бола алмай, машина аударылған. Көлікте 5 оқушы болған – бір қыз бала оқиға орнында қаза болды, үш ұл мен тағы бір қыз ауруханаға түсті. 

«Өкінішке қарай ес-түссіз жатқан жасөспірім қыз сағат 18:30-да қайтыс болды. Қалған екі баланың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, 2008 жылы туған екі баланың аяғы сынған. Екеуі де облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Тағы бір бала жеңіл жараланып, амбулаторлық бақылауға алынды.

Айта кетейік, 4 наурыз күні өңірде тағы бір жол-көлік апаты болды. Солтүстік айналма жолда КамАЗ жүк көлігі мен Cobalt жеңіл автокөлігі соқтығысты. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы – барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары оқиға орнында көз жұмды. Сотқа дейінгі тергеу басталды және оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.