{metadescription}
Әнуар Жанғозин «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды

Әнуар Жанғозин «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды

Әнуар Жанғозин «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы басқарма төрағасының өзі Facebookпарақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалдым. Бұл ұйымда 15 жыл бұрын еңбек жолымды бастап, бірегей тәжірибе алу мүмкіндігіне ие болдым. Алған білімімді кейін түрлі мекемелерде қызмет атқару барысында қолдандым. Енді Зияткерлік мектептерді одан әрі дамытуға бағытталған жұмысқа кірісіп отырмын»,-деп жазды ол.

Сондай-ақ ол Қамқоршылық кеңес мүшелеріне және білім саласындағы ұстазым Күляш Ноғатайқызы Шәмшидиноваға осындай үлкен сенім білдірген үшін шынайы алғыс білдіретінін айтты.

«Әдеттегідей, атқарылып жатқан жұмыс нәтижелерімен және басқа да маңызды ақпаратпен өз парақшамда үнемі хабарлап отыруға тырысамын»,-деді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде