{metadescription}
Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 471 жұмыс беруші жауапқа тартылды

Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 471 жұмыс беруші жауапқа тартылды

Өткен аптада Қазақстанда шетелдіктердің заңсыз еңбек етуіне қатысты 2 741 факті анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға бағытталған «Мигрант» операциясын қорытындылады. Онда полиция шетелдіктер көп тұратын жерлерді, құрылыс нысандарын, базарларды, шетелдіктердің жалдамалы еңбегін пайдаланатын ұйымдар мен жұмыс берушілерді тексерген.

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, пайда табу үшін жұмыс берушілер арнайы рұқсат құжаттарын алмай, шетелдіктердің заңсыз еңбегін пайдаланады, осылайша өз азаматтарымызды еңбек ету мүмкіндігінен айырады.

«Елімізде шетелдіктердің заңсыз еңбек етуіне қатысты 2 741 факті анықталды, 471 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Мысалы, Алматы және Атырау қалаларының құрылыс нысандарында заңсыз жұмыс істеген 145 шетелдік анықталды. Осыған ұқсас фактілер Астана, Шымкент, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді», - деді Ш. Тұрлыбек министрліктің онлайн брифингінде.

Алматы мен Шымкент, Атырау және Павлодар облыстарында бірнеше рет заңсыз шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілер анықталды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен қатар, операция кезінде полиция түрлі себептермен жеке басын куәландыратын құжат ала алмаған азаматтарға көмек көрсетті. Мәселен, 1970 жылы туған, 53 жыл құжатсыз өмір сүрген Атырау тұрғынына жеке куәлік алуға көмектесті. Дәл осындай көмек Алматыда, Қызылорда және Түркістан облыстарында көрсетілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.