{metadescription}
СҚО автожолдарында көлік қозғалысы шектелді

СҚО автожолдарында көлік қозғалысы шектелді

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар республикалық жолдар жабылды, 7 ауданда облыстық маңызы бар 22 учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектелді.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, боран тұрып, қар жаууына байланысты өңірдің автожолдарында көліктің барлық түріне қозғалыс уақытша шектелді.

Олар:

«Екатеринбург-Алматы» жолының 729-856 км, Қостанай облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін.

«Булаево-Рощинское» жолының 111-131 км, Молодогвардейское елді мекенінен Ильич ауылына дейін.

«Жезказган – Петропавл» жолының 595-835 км, Ақмола облысының шекарасынан Николаевка елді мекеніне дейін.

«Көкшетау - Рузаевка» жолының 61-196 км, Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка елді мекеніне дейін.

«Қарасай батыр мемориалдық кешеніне барар жол» автожолының 0-24 км, Саумалкөл ауылынан Қарасай батыр мемориалдық кешеніне дейін.

«Рощинское – Корнеевка - Волошинка» жолының 0-86 км, Рощинское елді мекенінен Волошинкаға дейін.

«Волошинка – Сергеевка - Тимирязево» жолының 0-119 км, Волошинкадан Тимирязево елді мекеніне дейін.

«Тимирязев - Сарыкөл – облыстың шекарасы», 0-32 км, Тимирязев елді мекенінен Қостанай облысының шекарасына дейін.

Бұдан басқа 7 ауданда облыстық маңызы бар 22 учаске жабылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.