{metadescription}
Атырауда былтырғы қаңтарда ұрланған қару-жарақтар табылды

Атырауда былтырғы қаңтарда ұрланған қару-жарақтар табылды

Атырауда Жайық жағасынан былтырғы қаңтарда ұрланған қару-жарақтар табылды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар 28 ақпанда таылған.

«Полиция қызметкерлері «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Жайық өзенінің Ақсай елді мекені тұсындағы жағалауынан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың сақталған жерін анықтады. Тексеру кезінде облыстық полиция департаментінің жедел әрекет ететін арнайы жасағына тиесілі «Форт – 500М» маркалы мылтығы, 3 дана 12 мм калибрлі патрон, 2 дана «ГСЗ ДК-130 СГ» маркалы граната, 1 дана «ПР 54» резеңке таяқша мен жеке қорғаныс құралдары, оқ өтпейтін кеудеше, каскалар табылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір ұрланған қару-жарақтардың табылғанына байлаанысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.