{metadescription}
Теракт болып, 9 полицей қаза тапты

Теракт болып, 9 полицей қаза тапты

Пәкістанның шығысында Белуджистан провинциясында теракт салдарынан тоғыз полиция қызметкері қаза тауып, 11 адам жарақат алды.

Жергілікті биліктің мәліметінше, жанкешті лаңкес дүйсенбі күні көпірде тәртіп сақшылары мінген көлікке шабуылдаған.

Каччи ауданының бас полицейі Мехмуд Нотезайдың мәлімдеуінше, полицейлер мінген көлікке Сиби ауданында шабуыл жасаған.

«Болжам бойынша, оны жанкешті лаңкес жасады», - деді ол. 

Жарақат алған офицерлер арасында үшеуі ауыр халде жатыр.

Пәкістандағы аумағы бойынша ең ірі провинциялардың бірі саналатын Белуджистан бірнеше ондаған жыл бойы сепаратистердің ықпалында. Олар елден тәуілсіздік талап етуде.

Әзірге ешбір топ жарылыс үшін жауапкершілікті мойнына алмаған. Белуджистан провинциясы Ауғанстанмен және Иранмен шектеседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде