{metadescription}
Түркияға көмекке барған құтқарушылар марапатталды

Түркияға көмекке барған құтқарушылар марапатталды

 Түркияда болған жер сілкінісінің салдарын жоюға барған ел құтқарушылары мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.

Наградаларды ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин табыстап, құтқарушыларға алғыс білдірді.

«Офицерлер құрамы ІІ дәрежелі «Айбын» және «Құрмет» ордендерімен марапатталды. Қалғандары «Ерен еңбегі үшін» үкіметтік медальдары мен ведомстволық наградалар алды. Сонымен қатар, Түркияның құтқару операциясына қатысқандардың барлығына алғыс хаттар табысталды», - деп мәлім етті Юрий Ильин марапттау рәсімінен кейін БАҚ өкілдерінің сауалына.

Юрий Ильин Түркиядағы құтқару операциясына қатысқан құтқарушыларға ақшалай сыйақы беру бастамасына қатысты түсініктеме берді.

«Құтқарушылар ақшалай сыйақы алмайды. Мен бұған дейін құтқарушылардың заңнамада белгіленген тәртіппен шетелдік іссапарлар аясында алатын қаражаты туралы айтқан болатынмын», - деп жауап берді Юрий Ильин БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Бұл ретте министр ведомство қызметкерлерінің жалақысы өсетінін атап өтті.

«Үкіметтің қаулысына сәйкес, қазір бізде жалақы өсіп жатыр. Басшылық құрамның еңбекақысы төменгі мөлшермен өсетін болса, жалпы құрам қызметкерлерінің жалақысы бірден 70%-ға дейін ұлғаяды. Қызметкер алғашқы кезеңде шамамен 110 мың теңге алады. Енді олар 179-180 мың теңге көлемінде алады деп үміттенеміз», - деді министр.

Еске салайық, Қазақстан құтқарушылары 7-19 ақпан аралығында Түркияның үш провинциясының аумағында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді. Атап айтсақ, Нурдагы ауданында, Газиантеп және Хатай қалаларында азаматтарды үйінділерден шығаруға атсалысты. Сонымен бірге Қахраманмараш провинциясына үздіксіз гуманитарлық көмек жеткізіп отырды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде