Конституциялық сот мемлекеттік қызмет туралы заңның нормасын орынсыз деп таныды
Конституциялық сот мемлекеттік қызмет туралы заңның нормасын жарамсыз деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
10:19 07.03.2023
"Конституциялық Сот азамат Б.Қ.Аргумбаевтың өтінішін қарау қорытындылары бойынша "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңның 16-бабы 3-тармағының 6-тармақшасын Конституцияның 24-бабы 1-тармағына және 33-бабының 2 және 4-тармақтары және 39-бабының 1-тармағымен сәйкес емес деп таныды", - делінген хабарламада.
Қазақстан үкіметі жарты жылдан кешіктірмей мәжіліске республика заңнамасын Конституциялық Соттың осы нормативтік қаулыда көрсетілген құқықтық ұстанымдарына сәйкестендіруге бағытталған заң жобасын енгізуі қажет екені атап өтілді.
Ресми мәліметтерге сәйкес, 2023 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына азамат Б.К. Аргумбаевтың "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңының 16-бабы 3-тармағы 6 тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы өтініші келіп түсті.
"Заңның дау туғызып отырған нормасына сәйкес мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған азаматты мемлекеттiк қызметке қабылдауға болмайды. Бұл ретте мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін қызметтен шығарылған азамат мемлекеттік қызметке жіберілмейді", - делінген Конституциялық соттың сайтында жарияланған құжат мәтінінде.
Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің 2019 жылғы 31 қазандағы өкімімен Аргумбаев Б.Қ. тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін аудан әкімінің орынбасары қызметінен босатылған.
"Үш жыл өткеннен кейін ол мемлекеттік қызметке қайта орналасуға шаралар жасап көрген. Алайда, атап өтілген тыйым салу оған мемлекеттік қызметте лауазымға қайта орналасуға мүмкіндік бермеген. Өтініш субъектісі аталған норма өзін мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырып отыр және бұл әділетсіз болып табылады, мемлекеттік органдарға сайлану құқығына нұқсан келтіреді және азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы қағидатын (Конституцияның 33-бабы) бұзады деп ойлайды", - делінген Конституциялық соттың хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!