{metadescription}
Зейнеткер Шымкент тұрғынын 7 миллион теңгеге алдап кеткен

Зейнеткер Шымкент тұрғынын 7 миллион теңгеге алдап кеткен

Шымкенттік тұрғын мемлекеттік бағдарламамен үй аламын деп 7 млн теңгеге жуық қаржысынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Биыл 22 қаңтарда, сағат 13:58-де Әл-Фараби АПБ-ға жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, бір айдан бергі танысы Шымкент қаласынан мемлекеттік бағдарлама бойынша екі ай уақыттың ішінде пәтер алып беремін деп 6 миллион 650 мың теңге ақшасын алдын ала алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны қала аумағынан қолға түсірді.

Ол Шымкент қаласының 63 жастағы тұрғыны болып шықты. Зейнеткер. Бұған дейін мұнай саласында жұмыс жасаған. Сондай-ақ ұсталған азаматша бұрын алаяқтық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, істі болған.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде