ШҚO-да Бұқтырма су қоймасындағы мұз өткел жабылды
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы мұз өткел жабылды.
Фото: instagram.com/shygysqaz_tjd
15:26 07.03.2023
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Күршім ауданындағы Қызыл ту өткелінде көлік қозғалысына тыйым салынды.
«Бұқтырма су қоймасындағы мұз өткеліне тексеру жүргізілді. Соның нәтижесінде ауа райының күрт жылынуына орай мұздың көлік өтуіне жарамсыз екендігі анықталды. Сондықтан бүгін 13.00-ден бастап өткел көліктің барлық түрі үшін жабылды. Енді Өскеменге бару немесе қаладан қайту үшін «Үлкен Нарын-Алтай» тасжолы және Зайсан қаласы арқылы жүру керек», - делінген ақпаратта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!