Доллар бірден 5 теңгеге қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
17:10 07.03.2023
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5,14 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 438, 57 теңге.
Ұлттық банктің 7 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 432, 83 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,75 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 438 теңге, сатып алу – 442 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 439,6 теңгеден болса, сатып алу құны – 442,6 теңге.
Ресей рублі 5,65 - 5, 9 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!