Сырдария өзені арнасынан асып, Қызылордада жол уақытша жабылды
Сырдария өзеніндегі су арнадан асып жолаушылар қауіпсіздігіне байланысты «Жалағаш-Жосалы» бағытындағы жол уақытша жабылды.
Фото: Елорда әкімдігі
17:28 07.03.2023
Қазір Сырдария өзенінен көп мөлшерде су өтуіп жатыр. Соның салдарынан су өзен арнасынан асып Қармақшы ауданы, Қызылтам елдімекені тұсындағы Далдабай, Қызылтам жолының су басу қаупі бар аумағына су жайылған.
«Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін облыстық маңызы бар «Жалағаш-Жосалы» бағытындағы (Жосалыдан 43, Жалағаштан бері 31 шақырым жердегі Далдабай мен Қызылтам елді мекендерінің арасы) жол уақытша жабылды. Елдімекендерге ешқандай қауіп жоқ. Қазір жауапты салалармен арнайы жұмыстар жүргізіліп, жағдай толық бақылауға алынғанын хабарлаймыз», - деп мәлім етті Қызылорда облысы әкімдігінен.
Аталған жол республикалық маңызы бар үлкен күре жол емес. Ол екі аудан орталығын жалғастырады.
Қызылтам елді мекеніне Қармақшы және Далдабай елді мекеніне Жалағаш ауданы жағынан баратын ішкі жол бар. Сол себептен оның үлкен жол қатынасына кедергі келтірмейді.
Айта кету керек, дария бетіндегі сең Қармақшы ауданы тұсына жетті.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!