Қайсар Сұлтанбаев Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы болып Қайсар Сұлтанбаев тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Фото: polisia.kz
18:16 07.03.2023
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Министрліктің басшы құрамына Әкімшілік полиция комитетінің төрағасын таныстырды.
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы қызметіне полиция полковнигі Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев тағайындалды.
Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев өткен жылдың қыркүйек айынан бастап ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарды.
Ведомство басшысы жаңа басшының әртүрлі жауапты лауазымдардағы үлкен жұмыс тәжірибесін, сондай-ақ оның жоғары кәсібилігін атап өтіп, жаңа жұмыс орнында табыс тіледі.
Министр жаңа басшыны таныстыра отырып, қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, полиция жұмысының адамға бағытталған моделіне көшудің және полиция қызметіне сервистік тәсілдерді енгізудің маңызын атап өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!