Ақтауда жоғалған 16 жастағы қыз табылды
Қыздың туыстары жоғалып кеткен 16 жастағы Гүлзамира Ыбырай табылғанын айтқан.
Фото: ашық дереккөзден
11:40 08.03.2023
Қазір қыздың жағдайы жақсы. Бұл туралы республикалық іздестіру ерікті қозғалысы филиалының үйлестірушісі Давид Миникаев мәлімдеді.
Іздестіру жұмыстарына із-түссіз жоғалған 16 жастағы Гүлзамира Ыбырайдың туыстары, тәртіп сақшылары мен еріктілер жұмылдырылған.
Қыз 4-шағынаудандағы үйден шығып кеткені хабарланды. Кейін ол отбасымен байланысқа шықпаған. Бірнеше сағаттық іздестірулерден кейін қыз аман-есен табылды. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Республикалық ерікті іздестіру қозғалысы филиалының үйлестірушісі Давид Миникаевтың айтуынша, іздеу жұмыстарына 13 ерікті жұмылдырылған.
Қыздың жоғалу себебі айтылмады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!