{metadescription}
Тбилисиде полиция наразылық акциясына қатысушыларды ұстай бастады

Тбилисиде полиция наразылық акциясына қатысушыларды ұстай бастады

Грузия Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Тбилисидегі парламент ғимараты маңында «шетелдік агенттер» туралы заң жобасына наразылық акциясын таратып, оларға қатысқандарды ұстауға кірісті. Бұл туралы ҚазАқПарат.

Ереуілге қатысқандарды ұстау кадрларын сәрсенбі күні грузиндік Mtavari Arxi телеарнасы https://mtavari.tv/live тікелей эфирде көрсетті.

Ереуілшілерді ұстау негізінен республика парламентінің ғимараты орналасқан Руставели даңғылында өтеді. Кейбір наразылық білдірушілер полицейлерден ұсталған адамдарды арашалап алмақ. Алайда олардың бұл әрекеті сәтсіз болды. Бұған дейін «Гирчи» оппозициялық партиясының көшбасшысы Зураб Джапаридзені ұстау кадрлары таралған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде