Данияда көмірқышқыл газын сақтайтын қойма ашылды
Данияда әлемдегі алғашқы трансшекаралық CO2 қоймасы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқПарат.
10:30 09.03.2023
Бастапқыда жоба аясында өнеркәсіптік процестерден көміртекті алу, тасымалдау және сақтау технологиясын қолдана отырып, Солтүстік теңіз түбінен 2 шақырымға жуық тереңдікте орналасқан қоймаға 1,5 миллион тонна парниктік газ көміледі.
«Бұл атап айтуға тұрарлық оқиға. Бұл Еуропа тарихындағы трансшекаралық ынтымақтастық саласындағы сәтті оқиға. Бельгияда және көп ұзамай Германияда алынатын CO2 Антверпен-Брюгге портындағы кемелерге тиеледі және Данияда көміледі», - деді ашылу салтанатында Урсула Фон дер Ляйен.БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі кеңесі жаһандық жылынумен күресудің ықтимал шешімдерінің құрамдас бөлігі ретінде көміртегі қоймасын құруды да қолдады. Бірақ сыншылар бұл технология сынақтан өтпеген және ол климатты қорғау мен қазбалы отынды кезең-кезеңімен тоқтату амбициясын төмендетеді дейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!