{metadescription}
Қостанай облысында жолда қалған 21 адам құтқарылды - ТЖМ

Қостанай облысында жолда қалған 21 адам құтқарылды - ТЖМ

Қостанай облысының аумағында 8 наурызда күн райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланған еді. Осыған орай тас жолдарда авариялық-құтқару операциялары жүргізіліп, 21 адамға көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2023 жылғы 9 наурыз күні 04:10-да Қарасу ауданындағы облыстық маңызы бар «Қарасу-Большая Чураковка» автожолының жабық учаскесінің 10-шақырымында ТЖД жеке құрамының 2 адамы бар КУНГ арнайы техникасымен қар құрсауынан 2 жеңіл автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне дейін сүйреп әкелінді. 6 адам құтқарылды, оның ішінде 3-еуі бала. Адамдарға медициналық көмек қажет болмады.

Дәл сол күні сағат 05:15-те Алтынсарин ауданының ТЖ бөліміне Щербаков ауылынан 5 шақырым жерде аудандық маңызы бар автожолда 12 жолаушысы бар 4 автокөлік жолда тұрып қалғаны туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. Көп ұзамай оқиға орнына құтқарушылар келіп, жолаушыларды жол талғамайтын УАЗ көлігіне тиеді. Құтқарылған азаматтар Щербаков орта мектебінің жылыту пунктіне аман-есен жеткізілді.

2023 жылғы 9 наурызда сағат 06:05-те Меңдіқара ауданындағы аудандық маңызы бар автожолда Каскат ауылынан 7 шақырым қашықтықта ТЖД күштерімен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қар құрсауынан 3 адам құтқарылды. Жолаушылары бар жеңіл автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарып, Ломоносов ауылдық округінің әкімдігінің жылыту пунктіне алып барды.

Бұдан бұрын 8 наурыз күні сағат 16:20-да Амангелді ауданында өтімділігі жоғары Нива-БРОНТО техникасымен құтқарушылар апатты электр беру желісінің үзілу авариясын жою мақсатында Амангелді АЭЖ қызметкерлері бригадасын жеткізу үшін Қарынсалды ауылына барды.

Қостанай облысының ТЖД тұрғындарға ауа-райы нашарлаған жағдайда елді мекендерінен тыс жерлерге шықпауды сұрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.