Қарлы боран 13 адамның өмірін қиды
Оңтүстік Калифорнияның Сан-Бернардино округінде болған қарлы боран салдарынан он үш адам мерт болды.
Фото: Mario Tama/Getty Images
12:40 10.03.2023
Сан-Бернардино округінің полициясы әр қайғылы жағдайды жеке тергеп жатыр. Бұл өлімдердің тек біреуіне ғана ауа райының қолайсыздығынан болған жол-көлік апаты себеп болғаны анықталды.
23 ақпанда Ұлттық метерология қызметі Сан-Бернардино тауларында кейінгі отыз жылда тіркелмеген қарлы боран болатынын ескертті. Әуелде синоптиктер 1,5 шақырым биіктікте қалыңдығы 150 см болатын қар жауады деп болжаған.
Қарлы боран салдарынан Калифорнияда ақпанның соңынан наурыздың басына дейін бұрын-соңды болмаған қар жауды. Таулы аймақ тұрғындары өз үйлерінде қар құрсауында қалып немесе қалың қар салдарынан үйлеріне жете алмай қалғандықтан 27 ақпанда Сан-Бернардино округі төтенше жағдай жариялады.
Тіпті Сан-Бернардино тұрғындары қар басып қалған үйлерінен 14 күн бойы шыға алмай, азық-түліксіз қалған оқиғалар кездескен.
Ориндж округінде бастауыш және орта мектептің 600-ге жуық оқушысы үйлеріне қайта алмағандықтан демалыста оқу орнында қалуға мәжбүр болды.
Губернатор әкімшілігінің мәліметі бойынша, бригада Сан-Бернардино округінің тасжолдарынан 5,5 млн текше метр қарды тазалаған. Бұл 2270 олимпиадалық жүзу бассейнінің көлемімен бірдей.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!