{metadescription}
Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде жеңімпаз атанды

Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде жеңімпаз атанды

Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Нариман Құрбанов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық гимнаст сайыс барысында 15,300 ұпай жинап, жеңіс тұғырына көтерілді.

Ол ел құрамасы қоржынына екінші алтын медаль салды. Бұған дейін еркін бағдарламада Милад Карими үздік атанған еді.

Еске салсақ, Нариман Құрбанов Катар астанасы Дохада өткен спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде екінші орын алған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

26 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде