{metadescription}
Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогінде 6 медаль жеңіп алды

Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогінде 6 медаль жеңіп алды

Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Загреб қаласында өткен Еуропа кубогінде 6 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ел құрамасы Еуропа ашық кубогінде 2 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлдеге ие болып, медаль кестесінде бесінші орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасы сапынан Ерхан Марат (50 кг) пен Сабина Юлдашева (48 кг) жарыс жеңімпаздары атанса, Оралбек Байзақ (55 кг) күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Нұрсұлтан Ысқақов (60 кг), Еділ Ерболұлы (60 кг) мен Досбол Балғабай (81 кг) ел қоржынына үш қола жүлдені салды.

Аталған жарыс Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық додасы болып саналады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.