{metadescription}
Шымкентте көлікті тест-драйв кезінде ұрлап кеткен

Шымкентте көлікті тест-драйв кезінде ұрлап кеткен

Шымкентте көлікті сату алдындағы техникалық жағдайын тексеру кезінде ұрлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz мәліметінше, желіде ер адам өзінің ВАЗ-2114 автокөлігін сататынын хабарлаған. Хабарландыруға жас жігіт жауап берген. Сатып алушы досымен кездесуге келіп, көліктің техникалық жағдайын тексеру үшін рульге отыруды сұраған. Тест-драйв кезінде екі жігіт белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Жәбірленуші полицияға арызданған. Полицейлер қылмыскерлерді анықтап, қамауға алды. Олар Түркістан облысының 21 жастағы тұрғындары болып шықты. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде