{metadescription}
СІМ өкілі кейбір қазақстандықтар шетелде заңға бағынбай, айыппұл, несие төлемей кететінін айтты

СІМ өкілі кейбір қазақстандықтар шетелде заңға бағынбай, айыппұл, несие төлемей кететінін айтты

Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияровтан журналистер Қазақстан үшін шенген визасын алатын кезде қосымша сұхбаттасулар неге енгізілгенін сұрады.

Айбек Смадияров Еуропа елдерінің виза алуда қосымша сұхбаттасулар енгізуіне қазақстандықтардың шетелдегі өзін ұстауы ықпал еткен болуы мүмкін екенін айтты.

"Шенген елдеріне барған кейбір азаматтарымыз көлікті жалға алған кезде айыппұл төлемей, сол елден кетіп қалады. Әрине, мұның бәрі белгілі бір шешімдерге әсер етеді. Басқа да құқық бұзушылықтар бар. Шет елге барғанда сол елдің ережелері мен заңдарын орындау керек. Студенттер несие алып, төлемей, кетіп қалатыны да бар", - деп жауап берді СІМ өкілі Айбек Смадияров.

Сонымен қатар ол заңбұзушылықтар көбіне қай елдерде болатынын нақты айта алмайтынын мәлімдеді. Өйткені мемлекеттер бұл туралы хат, ескерту жібермейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде