{metadescription}
Алдағы күндері 11 өңірде су тасқыны болуы мүмкін

Алдағы күндері 11 өңірде су тасқыны болуы мүмкін

Нөсер жаңбырдың жаууына байланысты 12-14 наурыз аралығында Алматы қаласы, Алматы, Жетісу және Жамбыл облыстарындағы өзен суының деңгейі көтерілуі күтілуде, деп хабарлайды Қазгидромет.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында қар аралас жауын-шауынның күтілуіне, ауа температурасының көтерілуіне байланысты қар тез еріп, еріген және ағынды судың көтерілуі, мұз жұқарып, өзен суларының көтерілуі болжанып отыр. Аталған өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін.

12-14 наурыз аралығында Абай (Бородулиха, Бесқарағай, Аягөз, Ақсуат аудандарында), Ұлытау және Қарағанды облыстарында су тасқыны болуы ықтимал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде