{metadescription}
Ақсай қаласында су кестемен беріліп жатыр

Ақсай қаласында су кестемен беріліп жатыр

Бөрлі ауданы орталығы Ақсай қаласында су кестемен беріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақсай қаласының әкімі Арсен Баяндықовтың мәлім еткеніндей, кәріз жүйесінің еріген қар суына толып кетуіне байланысты осындай оқиға орын алып отыр.

«Қалаға су кешкі 18.30-дан 20.00-ге дейін және таңмен 07.00-ден 08.30-ға дейін берілетін болып шешілді. Қазіргі кезде тасқын су қатты келіп жатыр. Қалаға қарасты Қызылтал ауылында суға кеткен үйлер баршылық. Жағдай сәт сайын өзгеріп жатыр. Барлық күш су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылған. Жағдай қалыпқа келсе, қалаға су үздіксіз берілетін болады», - деді А.Баяндықов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.