{metadescription}
Су тасқыны: Батыс Қазақстанның Бәйтерек ауданында төтенше жағдай жарияланды

Су тасқыны: Батыс Қазақстанның Бәйтерек ауданында төтенше жағдай жарияланды

Көктемгі су тасқынына байланысты Бәйтерек ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бәйтерек ауданы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, ауа райының күрт жылынып, қардың қарқынды еруіне байланысты өзен сулары көтерілді. Судың сіңбей, жайылып кетуіне жердегі тоңның терең болуы да әсер етті.

Соның салдарынан көптеген тұрғынның үйлеріне су кіру қаупі төнді. Елді мекендер арасында жол қатынасы бұзылды. Мысалы, Шалғай ауылдық округінде тасқын су жолды шайып кетті. Сонымен қатар Достық, Дариян ауылдарында су ұңғымаларына топан су кіріп, осы елді мекендерде тұратын 3 500-ден астам адамның таза ауыз алуы күрделенді.

Осындай күрделі жағдайды ескере отырып, аудан әкімі Марат Тоқжанов аудан аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. Қазіргі кезде осы шешімге сәйкес тиісті іс-шаралар атқарылуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде