Қазақстанда синтетикалық есірткіге тәуелді адамдар санының өскені байқалды
Бұл туралы 14 наурыздағы үкімет отырысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
13:34 14.03.2023
Ресми статистикалық деректерге сай, Қазақстанда психоактивті заттарды қолдану салдарынан 108 851 адам, оның ішінде алкогольге тәуелділігі бар 90 608 адам, есірткіге тәуелділігі бар 18 243 адам динамикалық бақылауда тұрады. 1 498 әйел мен 97 кәмелетке толмаған бала есірткіге тәуелді болып отыр.
"Синтетикалық» жаңа психоактивті есірткі заттарына тәуелді адамдар санының өсу тенденциясы байқалады. Іс-шараларды іске асыру нәтижесінде ұзақ ремиссиямен динамикалық бақылаудан алынған адамдардың үлесін 15%-дан 15,4%-ға дейін ұлғайту, медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшелерінің санын 11-ден 20-ға дейін арттыру жолымен нашақор адамдарға медициналық-әлеуметтік көмектің қолжетімділігін кеңейту, апиындық агонистері бар қолдаушы терапиямен апиынға тәуелді пациенттерді қамтуды 370-тен 500 адамға дейін ұлғайту болжанып отыр", - деді Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!