ТЖМ 20 наурызға дейін жер сілкінеді деген ақпаратқа пікір білдірді
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов қазақстандықтарды жер сілкінісі қаупіне байланысты үрейленбеуге шақырды,.
Фото: Zakon.kz
16:27 14.03.2023
Оның айтуынша, ведомствоның аумақтық бөлімшелер мен техника төтенше жағдайға әрқашан дайын.
«Ведомствоаралық өзара іс-қимыл және аумақтық бөлімшелер мен құрылымдық бөлімшелерді тексерудің тиісті жоспары бар. Пысықтау кезінде төтенше жағдайға дайындық барысы тексеріледі», - деді Руслан Иманқұлов.
Сонымен қатар министрлік өкілі жер сілкінісі қаупі туралы болжамның рас екенін, бірақ дүрбелеңге жол бермеу керектігін айтты.
«Халыққа тиісті хабарды жеткізіп отырамыз», - дейді ведомство өкілі.
Одан бөлек, Руслан Иманқұлов жер сілкінісі қаупіне байланысты Алматы, Алматы және Жетісу облыстарының әкімдеріне ешқандай хат-хабардың жетпегенін айтты.
Айтуынша, оның қажеті де жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!