Биыл пітір садақа 535 теңге болып бекітілді
Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты.
Фото: qmdi.org
17:42 14.03.2023
«Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілді. Пітір садақасы мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның ортақ бағасы негізінде белгіленді. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен беруге болады», - деді Бас мүфти.
Оның атап өтуінше, шариғатымыз бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз.
«Алайда, жолаушыларға, сырқаттанған немесе денсаулығы жарамайтын адамдар дертінің асқынуынан қауіптенсе ораза тұтуды кейінге қалдыруға шариғатымыз рұқсат береді. Сондай-ақ жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдерге де уақытша ораза ұстамауға болады», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Еске салсақ биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Қасиетті Қадір түні - 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түн. Ал 21 сәуір - Ораза айттың бірінші күні.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!