{metadescription}
Президент әскери полиция туралы 2 заңға қол қойды

Президент әскери полиция туралы 2 заңға қол қойды

14 наурыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заң әскери полицияның қызметін жетілдіруге бағытталған.

Атап айтқанда, әскери полиция органдарының міндеттерін, құзыреттерін, құрылымын, өкілеттіктерін анықтау, сондай-ақ іске асырылған функцияларды заңнамалық бекіту бөлігінде өзгерістер қарастырылған.

Сонымен қатар заң әскери полиция органдарының құқық қорғау органдарына тиесілігі мен бағыну тәртібін, сондай-ақ олардың бір-бірімен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін реттейді.

Жаңа заң күшіне енгеннен кейін 2005 жылғы ескі заң күшін жояды.

Сондай-ақ Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери полиция органдары және қорғанысты ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде