{metadescription}
Ұлытау облысында жоғалған 7 адам аман-есен табылды
Ұлытау облысында мал іздеуге шығып жоғалып кеткен 7 адам аман-есен табылды, деп хабарлайды ТЖМ.
18:39 14.03.2023
11 наурызында мал іздеуге екі көлікпен 7 адам шығып, ауа райына байланысты жолда адасып кеткен.
Іздеу жұмыстарына Ұлытау облысы ТЖ департаментінің жеке құрамынан 5 адам және 1 бірлік техника тартылды.
Жоғалған адамдар «Өлке» қыстағынан табылды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!