Коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирусқа шалдыққандар статистикасын жариялады.
09:40 15.03.2023
Оған сәйкес, 14 наурызда 109 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бес адам пневмонияға шалдықты.
Одан бір күн бұрын - 86, ал оның алдыңғы күні - 44 қазақстандық аталмыш індетпен ауырған еді.
15 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 849 адам коронавирус инфекциясынан (–1 664+ және 185 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 131 пациент стационарда, 1 718 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 3 адамның жағдайы ауыр;
- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!