{metadescription}
Марат Әшім Президенттің Протокол қызметінің бастығы болды
Ақорданың ресми сайты Марат Әшім Президенттің Протокол қызметінің бастығы болып тағайындалғанын жазды.
Фото: akorda.kz
11:16 15.03.2023
«Мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды», - делінген ақпарат көзінде.
Онда Мемлекет басшысының өкімімен Дмитрий Леонидович Михно Президенттің Протокол қызметінің бастығы лауазымынан босатылғаны да жазылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!