Елена Рыбакина мастерс турнирінің ширек финалына өтті
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
11:25 15.03.2023
Бұл жөнінде Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстандық теннисші төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 66-сатыда тұрған ресейлік Варвара Грачевамен шеберлік сынасты. Қарсыластар осыған дейін бір-ақ рет кездесіп, онда Елена жеңген еді.
Бұл жолы бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте Рыбакина тағы бір брейкпен алға шықты. Содан кейін тағы бір брейкпен бітірді – 6:3. Қазақстандық спортшы екінші сетте қарқынын үдете түсті – 5:0. Ақыры төртінші матчболын пайдалана алды – 6:0.
Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 76-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховамен кездеседі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!