{metadescription}
Бұқтырма өзенінде бірнеше жарылыс жасалды

Бұқтырма өзенінде бірнеше жарылыс жасалды

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма өзенінде бірнеше жарылыс жасалды.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында мұз жару жұмыстары жалғасуда. Бұл жолы жарылыс Катонқарағай ауданындағы Бұқтырма өзенінде жасалды.

Жару жұмыстарын жергілікті атқарушы органдар, құтқарушылар және мамандандырылған ұйым қызметкерлері жүргізді. Аталған аудандағы Бұқтырма өзенінде мұз қалыңдығы 70 см құрайды.

«Мұз кептелісі жағалаулардың маңында орналасқан ғимараттар мен үйлерді су басуына әкеліп соғуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін мұзды ұсақтау қажет. Облыс бойынша өзен-суларда жалпы ауданы 149 250 шаршы метр болатын аумақта мұз ұсақтау шаралары жүргізілді», - дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.