{metadescription}
Атыраулық құтқарушылар Батыс Қазақстан облысына көмекке аттанды

Атыраулық құтқарушылар Батыс Қазақстан облысына көмекке аттанды

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, атыраулық құтқарушылар Ақсай қаласы мен Қаратөбе ауданындағы тасқын судың зардабын жоюға кіріскен.

«Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен көршілес Батыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдайдың зардабын жоюға атсалысу үшін 49 қызметкер, 9 арнайы техника, 3 үрмелі қайық пен 7 мотопомпа жіберілді. Кеше, 14 наурыздан бері облыстық өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Тілекқабыл Досмағанбетовтің басшылығымен атыраулық құтқарушылар Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласының көшелерінен ПНС-110 автокөлігімен су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Сондай-ақ, атыраулық құтқарушылар Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында тұрғындарды үрмелі қайықпен эвакуациялау жұмысын бастаған.

Тасқынын су ағынын бөгеу үшін құм толтырылған қапшықтар төсеуді де қолға алған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде