Еліміздің кейбір өңірінде қатты жауын-шашын болады
Синоптиктер 2023 жылғы 16-18 наурыз аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын болжады.
Фото: pixabay
15:24 15.03.2023
Болжам бойынша, Қазақстанның шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады. "Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, алдағы үш күнде еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жоғары атмосфералық қысымға байланысты күн райы жауын-шашынсыз болады.
"Республиканың орталығында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын, негізінен қар болжанады. 16 наурызда күндіз оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында, 17-18 наурызда шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді ", – дейді синоптиктер.
Республика бойынша тұман түседі.
"Температуралық фонға келетін болсақ, мұнда айтарлықтай өзгерістер болжанбайды, тек республиканың оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 0-8 градус аязға дейін, күндіз 0-7 градусқа дейін біртіндеп төмендейді", - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
15 наурыз күні БҚО, СҚО, Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!