{metadescription}
Алматыдағы матчта футбол жанкүйерлері төбелес шығарды

Алматыдағы матчта футбол жанкүйерлері төбелес шығарды

«Қайрат» және «Каспий» футбол клубтарының жанкүйерлері матчтан кейін Алматыда жаппай төбелес шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде арнайы жасақ жауынгерлерінің бірнеше жанкүйерді ұстап алып бара жатқан видео тарады. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, орталық стадионда футбол ойыны кезінде тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқарған полицейлер, адам көп жиналатын орындарда пайдалануға тыйым салынған файерлерді жағу деректерінің жолын кескен.

«Қоғамдық тәртіпті одан әрі бұзудың алдын алу мақсатында жанкүйерлермен құқықтық түсіндірме әңгіме жүргізілді»,- деп хабарлады ведомстводан.

Айта кету керек, алматылық «Қайрат» футбол клубы Қазақстанның Премьер-лигасының 3-ші кезеңінде «Каспий» командасын 3:1 есебімен жеңді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде