Түркияда толассыз жауған жаңбыр су тасқынына әкеліп соқтырды
Алдын ала мәлімет бойынша, Түркияда су тасқыны салдарынан бес адам қаза тауып, алтауы із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: Twitter/kingoftthedevil
18:00 15.03.2023
Шанлыурфа провинциясында толассыз жауған жаңбыр су тасқынына себеп болды. Ауруханалар, үйлер мен кейбір кәсіпорындарды су басып, мектептерде оқу бір күнге тоқтатылды, деп жазды Haberturk.
Шанлыурфа губернаторы Салих Айхан төрт адам қаза тапқанын, екі адам із-түзсіз жоғалғанын айтты. Толассыз жауған жаңбыр соңы Сиверек, Хилван, Суруч және Вираншехир аудандарында су тасқынына әкеп соқтырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары