{metadescription}
Өзгенің атын жамылған екі күдікті 8,5 млн теңгенің тауарын елге кіргізбек болған

Өзгенің атын жамылған екі күдікті 8,5 млн теңгенің тауарын елге кіргізбек болған

Қостанай облысына қарасты Қарабалық ауданында орналасқан «Қайрақ» өткізу пункті арқылы Ресейден елімізге 5,7 тонна тауарды заңсыз кіргізбек болғандар ұсталды.

«Өткен айда «Қайрақ» автомобиль өткізу пунктінде салмағы 5,7 тонна тауарды (сантехникалық бұйымдар мен халық тұтынатын тауарлар) Ресейден заңсыз импорттаған «Hyundai» және «Foton» маркалы 2 автокөлік жүргізушісі ұсталды. Тауардың жалпы құны 8,5 млн теңгеден асады. Екі жағдайда да жүргізушілер тауардың құжатын рәсімдеу кезінде қатысы жоқ өзге тұлғалардың деректерін заңсыз пайдаланған. Жеке мәліметтер әлеуметтік желілер сияқты ақпараттың еркін көздерінен алынған болуы ықтимал», - деп мәлім етті жергілікті жауапты органнан.

Бұл әрекетке қатысты мән-жайды анықтау үшін қазақстандық тарап жүкті Ресейдің Федералды кеден қызметіне берген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде