{metadescription}
Алматыны қалың тұман басты: әкімдік мұқият болуға шақырды
Алматы әкімдігі қаланы қалың тұман басуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: Zakon.kz
16:48 16.03.2023
16 наурыз күні Алматыны қалың тұман басты. Әкімдік таратқан мәліметке сүйенсек, күндіз ауа температурасы +8 + 10 °C болып тұр. Бұған қоса синоптиктер кешке қарай жолдың көрінуі нашарлап, кей жерде көктайғақ болады деп болжады.
"Жүргізушілерге жолда мұқият болуға кеңес береміз", – делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!